Қымбатты достар! Біздің мектептің сайтына қош келдіңіздер! Біздің сайт білім беру ұйымымыздың тыныс-тіршілігі туралы көбірек білгісі келетін барша қауымға арналған. Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және сайт қонақтары, сіздер үшін арнайы әзірленген! Сайттан мектеп қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттармен танысып, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым туралы ақпарат ала аласыздар. Сондай-ақ оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің жетістіктерімен танысып, мектеп өміріндегі соңғы жаңалықтар мен қызықты оқиғалардан хабардар бола аласыздар. Қазіргі заманда мектепке білім беру сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндеті қойылады. Сондықтан жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі — педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру. Біз әрбір оқушының өз қабілетін ашып, қажетті білім алып, ұстаздардың қолдауын сезінуіне жағдай жасауға ұмтыламыз. Біздің педагогтер өз жұмысына тек білімдері мен тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар жүрек жылуын, қамқорлығы мен әр балаға деген ықыласын да арнайды. Мектебіміздің ұжымы — сапалы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасау жолында күн сайын бірлесе еңбек ететін ынтымақты команда. Біз заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға да ерекше мән береміз. Мектептің материалдық-техникалық базасы жетілдіріліп, оқытудың жаңа тәсілдері енгізіліп, заманауи білім беру технологиялары кеңінен қолданылуда. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу — мектептің, ата-аналардың және қоғамның ортақ міндеті. Тек бірлескен күш-жігер, өзара түсіністік пен ынтымақтастық арқылы ғана балаларымыздың білімді, жауапты және өз елінің лайықты азаматы болып қалыптасуына көмектесе аламыз. Біз әрдайым пікір алмасуға, жаңа идеялар мен сындарлы ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз. Құрметті достар! Сіздерді сайтымызға тұрақты түрде кіріп, мектеп жаңалықтары мен жетістіктерімен танысуға, өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды бөлісуге шақырамыз. Сіздердің қолдауларыңыз бен белсенділіктеріңіз мектептің дамуына, жетілуіне және әрбір оқушы өз мақсатына сенімді түрде ұмтылатын білім ордасын қалыптастыруға ықпал етеді!
Құрметпен, Сеитова Гульжан Маратовна, Көкшетау емес, Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры.