Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ "Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ" айлығы аясындағы сынып сағаттары өтті. "Зорлық-зомбылық", "қатыгездік" ұғымдарының мағынасын ашу, қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне теріс көзқарасты ұғындыру, оларға қарсы тұру, басқа адамды түсіну және кешіру қабілетін дамыту, адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу.