2020 жылғы «П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі » мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған қызмет туралы есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2020 «П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі» мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетілді, оның ішінде 5мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі:
1. Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау;
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
3."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру" ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
4. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
5. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқаларын беру.
2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 196 құрады, оның ішінде:
1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 130;
2.«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 7;
3.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»- 4;
4.«Педагог қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру және растау үшін құжаттарды қабылдау» - 9;
5.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін ұйымдар арасында оқушыларды ауыстыруға құжаттар қабылдау»- 46.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд көрнекі ресімделген, сондай-ақ халықпен электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картриджермен, "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылған және жабдықталған.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2020 жылы аудан мектептерінің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді.Аудандық семинарлар.Оқыту онлайн форматтажүргізілді.
5) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
«П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебі» 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.