Мектеп кітапханасында «Түрлі мүмкіндік – тең құқық» атты әдебиет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде өмірді сүйетін, өмір сүрген әр күнін бағалайтын және ләззат алатын адамдар туралы кітаптар ұсынылды . Бұл шығармалардың басты кейіпкерлері: Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы әңгіме», Н.Островскийдің «Болат қалай шыңдалған», В.Короленконың «Соқыр музыкант», Н.Думбадзенің «Мен күнді көремін»., В.Крапивиннің «Серёжка атты ұшақ» және В.Катаевтің «Гүл-Семицветик” т.б.
Сондай-ақ кітапханашы 1-5 сынып оқушыларымен тақырыптық әңгіме жүргізді. Оқушылар физикалық кемістіктеріне қарамастан, көптеген жетістіктерге жеткен адамдар туралы және біздің оқырмандар мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынас кезінде құрмет, төзімділік, мейірімділік пен әдептілік сезімін сақтау керектігін біледі және түсінеді.