Текст
28 маусым күні "әлемге әзіл сыйлаймын" тик-ток қашықтық бейнероликтерінің үздік топтамасына облыстық байқау өтті. Ақмола облысының "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту орталығын ұйымдастыру" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру мақсатында тик-ток қашықтықтан бейнероликтердің ең үздік топтамасына "әлемге әзіл сыйлау" облыстық байқауын өткізді. 9 "А" сынып оқушысы Харенко Александра конкурсқа белсенді қатысты.