Текст
15 қазан күні П.Исаков атындағы № 1 орта мектебінде «Кездеспей кеткен бір бейне» тақырыбында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш өтті. Іс шараға 9 «а», 9 «б» сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әдеби кеш қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Клышева Асем Толеовнаның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кеште оқушылар би, күй, ән, көрініс, тіпті соңында патриоттық хор орындалып, түрлі жанрда өтті. Осылайша қазақтың ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы мектеп оқушыларына таныстырылып, насихатталды. Кеш жоғары деңгейде өтіп, Сәкен атамыздың есімі тағы бір мәрте еске алынды.