11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің мектепте "Отаным мақтанышым" атты патриоттық форум өтті. Біздің іс - шараға ауданымыздың құрметті қонақтары қатысты: Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржанов; облыстық мәслихаттың депутаты, Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті мүшесі Валерий Николаевич Симчук; "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Досанұлы Өмірбаев; аудандық мәслихаттың хатшысы Жұлдызай Таубайқызы Салыбекова; аудандық мәслихаттың депутаты-Надежда Григорьевна Калашникова балаларға салтанатты түрде галстуктер тағып, белгілер қойды. Жасұландықтардың қатары 74 белсенді, жақсы, лайықты мектеп оқушыларына толықты.
Автор: Лобанова Н.С. мектептің аға тәлімгер