"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы  бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
КГУ «Общеобразовательная школа №1 имени Исакова Петра Михайловича, Героя Советского Союза города Акколь отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области»

Мақалалар және БАҚ

СоцСети

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

161 тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық сипаттағы шаралар күшейтіледі

19.06.2020

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов атап өткендей, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген 161 орында өтеді.

Еліміздің өңірлерінде пандемия жағдайында карантиндік шектеулерді сақтай отырып, тестіленушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық-санитариялық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданды: тестілеу пункттеріне кіру кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады; әрбір тестіленуші бақылаудың 5 кезеңінен өтеді.

Анықтама:

Дезинфекция кезеңдері:

  • сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту;

  • аяқ киімді арнайы кілеммен дезинфекциялау рәсімі

  • қолды арнайы сұйықтықпен өңдеу процедурасы;

  • термобақылау рәсімі. Жоғары температура анықталған жағдайда тестіленушіге кезекші бригада мен медицина қызметкерлері жедел көмек береді;

  • респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.

Сәйкестендіру ұялы телефон камерасының бетті тану арқылы қашықтан өтеді.

Д.Смағұловтың айтуынша, тестілеу пункттерінің әрбір қабатының дәліздерінде санитайзерлер орнатылады, ал дәліздегі және аудиториялардағы барлық есіктер алдын ала ашық жағдайда болады. Бұдан басқа, тестіленушілерді отырғызу аудиторияларды міндетті түрде желдетіп, кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

Адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, сондай-ақ карантиндік шараларды сақтау мақсатында ата-аналарға ҰБТ-ға түлектерді әкелуге және оларды тестілеу өтетін ғимарат аумағында күтуге тыйым салынады. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен балаларды ҰБТ-ға тасымалдауды ұйымдастыру қамтамасыз етіледі, ал тестілеу пункттерінің аумақтарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайтын болады.

https://ortcom.kz/kk/novosti/161-testileu-punktinde-medicinaly-sanitarly-sipattay-sharalar-kshejtiledi

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст